Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 35 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

Шымкентте 35 жастағы Динара Нәлібаева жыл соңында үшемді өмірге әкелді.

Шымкентте 35 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

Нәлібаева Динара бүгінде 6 баланың анасы атанып отыр. Ол жүктілігінің 4-айында құрсағында үшемдер жатқанын білген. 24 қарашада оған кесір тілігі жасалды, деп хабарлайды “Отырар” басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Дәрігерлердің сөзінше, жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген шақалақтардың салмағы 1500-1700 грамм, бойы 38-40 сантиметр болыпты. Олар екі апта бойы перзентханада болып, салмақ қосып, бойы аздап өскен. Сәбилердің жалпы жағдайы да жақсарыпты.

Бүгінде нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлықтай. Олар перзентханадан шығарылды.

Жалпы, соңғы 10 жылдың ішінде қалада жыл сайын 7-13 үшемдер дүниеге есігін ашыпты. Осы уақыт ішінде 167 үшем өмірге келген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр