Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Абай бөлімінің полицейлері 3 жасар қызды зорлауға қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер кісіні ұстаған.

dfdf.jpgghg

Бұл туралы Отырар жаңалықтары хабарлайды.

Кеше шамамен 14.30 кезінде ішімдік ішкен ер адам Темірлан тас жолының бойындағы көп пәтерлі үйдің ауласында ойнап жүрген қызды көред. Әлгі кісі бүлдіршінді аула маңындағы саябаққа әкеліп, сексуалдық көзқарастағы әрекетке көшеді. Қылмысын мойындаған күдіктіні полицейлер де ұстап үлгерген.

«Өзінің 3 жасар қызына белгісіз ер адам зорлық көрсетті деп полицияға А. Есімді азаматша хабарласты. Қолданылған жедел шара негізінде күдікті қолға түсті. «Кәмілетке толмаған қызға зорлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Бақытжан Жақсылықов.

Қазіргі таңда сараптамалар жүргізілуде. Ал кішкентай қызға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Талқылау