Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 21 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді

Шымкенттік келіншек мерзімінен бұрын үшем босанды. Екі қыз бен бір ұл жеті ай мерзімінде дүниеге келді.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

«16 қаңтар күні екі қыз бен бір ұл мерзімінен 2 ай бұрын туылды. Дүниеге келе салысымен үш сәби де арнайы құрылғының ішіне жатқызылды. Жеті айлық нәрестерлердің салмағы мен бойы: 495 грамм/38 см, 1590/40 см және 1640/41 см», – делінген хабарламада.

Үшем 40 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болды. Ал өмірге келген соң үшеуі де жан сақтау бөліміне жатқызылды. Бес күн бойы дәрігерлер үшемнің өмірі үшін күресті. Тағы бір ай сәбилер патология мен мерзімінен бұрын туған сәбилер бөлімінде емделді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы бірқалыпты, оларды аппаратқа қосудың қажеттілігі жоқ.

Үшемнің анасы – 21 жастағы Гузал Нурмиминова, ОҚО Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғыны. Ол қыздарын Зухра мен Захро, ал ұлын Хасан деп атады.

20 қаңтар күні анасы мен балалары перзентханадан шығарылды.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың жеңіл әдісін тапты

Қазақстан оқушылары есірткіге қарсы тексеруден өтпейтін болды

Сене алар емеспін: Ресейлік әйел Оралдағы көпбалалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады

Сол қолымды сезбеймін: Атыраулық Әнел отадан кейінгі жағдайы туралы айтты (фото)

Талқылау