Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 20 және 45 жастағы ер адам бойжеткенді зорламақ болған

Шымкенттің әл-Фараби атындағы аудандық соты 14 сәуір күні қызды зорламақ болған екі тұрғынға қатысты үкім шығарды.

40062

 

Көрнекі сурет: rustelegraph.ru 

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Сот жабық түрде өткендіктен жәбірленуші 25 жастағы гипермаркет сатушысының аты-жөні аталмайды.

21 ақпанда жәбірленуші жұмыстан соң кешкілік үйіне келе жатқанда, оған белгісіз біреулер тиісе жөнелген.

20 жастағы Абдуллазиз бен 45 жастағы Марат сол күні жұмыс іздеп таппаған соң,  көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Ақыры ақшалары таусылған соң, Абдуллазиз көшеде бірінші кездескен адамды тонау туралы ұсыныс айтады.

Олар жанынан өтіп бара жатқан қызға тап беріп, ақшасын ұрламақ болады. Алайда, қыздың өзімен бірге ешқандай ақшасы болмаған. Сөйтіп, екі ер адам оны зорламақ болады.

Қыздың айқайына өтіп бара жатқан жүргінші  көмекке келген. Ол тонаушылардың бірін аяғынан жарақаттаған. Ал, екіншісін полицейлер жарты сағаттан соң құрықтапты.

Абдулазиздің осыған дейін де екі күн бұрын өзге бір қызды тонағаны белгілі болды. Сот оны 7 жылға, Маратты 6,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау