Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 18 жастағы студент ән пластинкаларынан сәнді сағаттар жасайды

Баяғы кезден қалған ескі ән таспаларын үйдің сәнді бұйымы ретінде де қолдануға болады. 18 жастағы студент Евгений Бортошиктің ән пластинкаларынан жасаған қабырға сағаттары шымкенттіктердің үй бұйымына айналып үлгерген.

а

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

«Әуелі пластинканы трафаретпен кесіп аламын, сосын сағаттың жұмыс жүйесін қосам», – дейді Евгений Бортошик.

Жас шебер бір сағатты 5-6 сағат ішінде жасап шығара алады. Осыдан бір жыл бұрын ол әкесінің гаражынан ескі пластинкаларды тауып алған. Алайда, ол кезде Евгений сағат жасау шебері боламын деп ойламаған. Оның қолынан шыққан сағаттар бір-біріне ұқсамайды.

Пластинкалардан жасалған сағаттар шебердің досары мен туыстарының үйлерінде ілініп тұр. Бұл кәсіп шебердің хоббиі ғана емес, сонымен қатар табыс көзі. Ол бір жыл ішінде 60 сағат жасаған екен. Ол егер сұраныс болып жатса, әкесінің коллекциясы әлі де жетерлік екенін айтады.

Талқылау