Шымкентте 18 жастағы қыз дүкеннен шалбар ұрлау кезінде ұсталды

Жұма, 12 Ақпан , 2016 17:59

Полицейлердің мәліметінше, жас қыз шалбарларға тағылған құрылғыны істен шығарып, оны дүкеннен алып кетпек болған. Оны сауда үйінің күзетшілері ұстаған.

7

Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды

10 ақпан күні полицейлерге Шымкенттің сауда орталықтарының бірінде ұрлық болғаны жайлы хабар түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер шалбар ұрламақ болған 1998 жылғы Мақтарал ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Күзетшілерге шалбардың жоғалғанын көрген сатушылар айтқан екен. Осыдан кейін күдіктіні полицейлер алып кеткен.

3

Бұл іске қатысты ҚР ҚК 188 «Ұлрау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тауар заттай дәлелденгендіктен заңды иелеріне қайтарылып берілді.

Күдіктіден ешқайда кетпеуі туралы қолхат жазылып алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар