Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 17 жастағы қызды өлтірді деп айыпталған такси жүргізушісі кінәсін мойындар емес

Бұгін 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекованы өлтірді деп күдікке ілінген Әлішер Арғымбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды. Айыпталушының өзі кінәсін мойындамады.

пккп

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Сот залына айыпталушының да, қайтыс болған қыздың да туыстары келді. Айыпталушының анасы өз ұлын қорғауға тырысты.

17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекова мамыр айының орта тұсында жоғалып кеткен болатын. Туған ауылы Жаңатұрмыстан шыққан ол Шымкентке жолай кезікке таксимен бармақшы болған. Біраз уақыттан соң оның құрбылары Әйгерімнен смс-хабарлама алады. Қыз такси жүргізушісінен қорқып келе жатқанын айтқан. Сосын онымен байланыс өшіп қалған.

Құрбылары оны кешке дейін күтіп, ақыры ата-анасына хабарласқан. Оны іздеуге полиция да жұмылдырылды. Ал келесі күні іздеуге еріктілер қосылды. Өкінішке орай, қыздың денесі екі аптадан соң Шымкенттен 20 шақырым қашықтықтан табылды.

Талқылау