Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 16 жастағы оқушы хат жазып қалдырып, асылып қалған

Шымкенттегі «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында 10 ақпанда 16 жастағы оқушы асылып қалды. Оның денесін ата-анасы көрген. Мұнан кейін ата-анасы балаларының қалтасынан хат тауып алыпты. Онда бірнеше адамның аты-жөні жазылған. Жасөспірім №83 қалалық мектепте оқыған екен, деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Otyrar.kz

16 жастағы жасөспірім мектепте де, жұрт алдында да үлгілі тәртібімен ерекшеленген.

Жасөспірім көз жұмған күні анасы оның үйге көңілсіз келгенін байқаған. Алайда анасы оны тестіден өте алмағанымен байланыстырыпты.

«Ол әдеттегідей үйге келіп, шай қоюымды сұрады. Ол тест тапсыруға болған. Бірақ өзінде 500 теңге болмағандықтан, тапсыра алмапты. Оның ашулы әрі әлденге ренжіп жүргенін байқадым. Мұнан кейін ол аулаға шығып кетті. Мен дастарқанды қамдай бастадым. Бұл кешкі уақытта болған еді… Мен ұлымды шайға шақырдым. Алайда оны еш жерден таппадым. Моншаның артынан қарасам, ол асылып қалыпты…», – дейді жасөспірімнің анасы Фатима Ақылбекова көз жасын тоқтата алмай.

Жасөспірімнің анасының сөзінше, сол күні сағат 15:00 шамасында ұлы әпкесіне хабарласып, 7 мың теңге сұраған. Айтуынша, мектептегі жоғары сынып оқушылары ақша беруін талап етіпті.

Бірнеше адамның аты-жөні жазылып, артынан жыртылған хатты анасы ұлының қалтасынан тауып алыпты. Туыстарының сөзінше, хатты полицейлері алып кеткен. Ал Фатиманың өзі ұлы хатты көз жұмар алдында жазған деп отыр. Ол бәрін айтқысы келгенімен, жүрегі дауаламаған сыңайлы.

Ал жасөспірім білім алған мектептің директоры оның тәртіпсіздікке бой алдырмағанын және мектепте бәрі жақсы екенін айтты.

«Кеше қайғылы жағдайды естіген бойда үйлеріне бардым. Бұл бәрі үшін ауыр жағдай. Ол бала айналасына көмектесіп, үнемі ел алдында жүретін. Мұндай жағдайдың қалай орын алғаныны түсіне алмйамын. Қан қысымым көтеріліп кетті. менің мектебімнің оқушылары мұндай әрекетке барғанына сене алар емеспін. Мектепте оқушылар арсында ақша жинау оқиғасы болған жоқ. Қазіргі уақытта полиция аталған хатты алып кетті. Анықталғаннан кейін көрерміз. Мені кешіріңіздерші, бірдеңе деп айту қиын… Кеше оның сыныптастарымен сөйлестім. Барлығы мұндай жайдан бейхабар болып шықты», – дейді №83 мектеп директоры Берікбай Михеев.

Ал қайтыс болған баланың ата-анасы оқиғаның жай-жапсарын анықтап, хатта есімі жазылған адамдарды тапқысы келеді.

Оқи отырыңыз:

Біріккен Араб Әмірліктері: Визасыз тәртіп жөнінде не білу керек?

Қорқыт ата Әзірбайжанда шығарылатын комикс кейіпкеріне айналады

13 жастағы бала Қазақстандағы ең үздік бүркітші атанды

ШҚО-да түлектердің бірі мектебіне 1 миллион теңгеге жабдықтар алып берді

Талқылау