Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 14 жастағы жәбірленуші мен 16 жастағы айыпталушы үйленетін болды

ОҚО-да маманданырылған ауданаралық сотында кәмілетке толмаған жеткіншектің ісі қаралды.

Жеткіншек кәмілетке толмаған қызбен төсек қатынасына барды деп айыпталды, деп хабарлайды Отырар.

Жеткіншектің 14 жастағы қызбен жақындастқаны белгілі болды. Бұл жайт медициналық тексеруден соң анықталды.

Тексеріс нәтижесінде қыздың жүкті екені анықталды. Ата-анасы жігіттің атына арыз жазды. Алайда сот кезінде жәбірленуші ешқандай талап қоймайтынын айтты. Қыздың ата-анасы жастардың үйленетінін айтты.

«Екі жақтың келісіміне орай істі қылмысты деп қарауды тоқтатты», – деп мәлімдеді маманданырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау