Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 12 жыл бойы балалы болуды армандаған жүкті әйелдің өтінен 50 тас алынды

Шымкенттік дәрігер Талғат Шауенов ең күрделі оталардың бірін сәтті орындап, жүкті әйелдің өт қабынан 50 тас алып тастады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шымкентте 12 жыл бойы балалы болулы армандаған жүкті әйелдің өтінен 50 тас алынды

Кәсіптік тәсіл дәрігерге жүкті әйелдің өтіндегі тастарды уақытында алып тастауға және баласының дүниеге аман-есен келуіне көмектесті.

«Бастапқыда кесарь тілігі арқылы бала туылды. Біз өт жолының өтуін қамтамасыз еттік. Ал екінші кезеңде науқастың және оның туыстарының келісімімен бірлескен ота жасалды», – деді дәрігер Талғат Шауенов.

Айта кету керек, өтінен 50 алынған жүкті әйел 12 жылдан астам уақыт балалы болуды армандаған екен. Осылайша, жүктіліктің қолайлы нәтижесіне деген үміт ақталып, Шымкент тұрғыны көптен күткен алғашқы сәбиін қолына алды.

Ал жүкті әйелдің өтіндегі тасты алып, күрделі ота жасаған дәрігер Талғат Шауенов №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істейді. Ол жалпы медицина саласында 28 жыл бойы қызмет етіп, 5 мыңға жуық ота жасаған.

Шымкентте 12 жыл бойы балалы болулы армандаған жүкті әйелдің өтінен 50 тас алынды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр