Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 10 жасар баланы зорлады деп айыпталған 16 жастағы бозбала ақталып шықты

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны көршісінің ұлы 10 жасар баласын бірнеше жыл қатарынан зорлап келген деп айыптаған болатын.

Алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысында 16 жастағы бозбала ақталып шыққан еді. Бірақ жәбірленуші тарап апелляциялық шағым келтіріп, қайта сот тергеуін тағайындаған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы істі кері қайтарған да еді. Қайта өткен сот процесі 10 жасар баланы зорлады деп айыптаған 16 жастағы бозбаланы ақтап шықты.

Әбинұр Қарабаев, ОҚО МАҚІЖС үйлестіруші- судьясы: «Бұл іс алқа билерінің қатысуымен қайта қаралды. 16 жастағы бозбала екінші рет ақталып отыр. Кінәсі дәлелденбеді».

Тағы оқыңыз: 

Бір бөлмеде 5 адам: Алматыда студентер жатақханасының талапқа сай емес екені анықталды

Қазақстанда онлайн-несие қызметі жойылуы мүмкін

Таразда түрме қызметкері сотталушыға есірткі сатқан

Талқылау