Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 10 мектепке 19 автобус сыйға тартылды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 10 мектепке оқушы тасымалдау үшін 19 жаңа автобус берілді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

20161202193207

Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев табыстап, барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

«Қымбатты оқушылар бұл көлік сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларыңыз үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, автобус балаларды тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығуы үшін де қолданылады. Бұл игі шара Елбасының болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін. Енді қаладағы 3 мыңға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады», – деді аймақ басшысы.

20161202193045

Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер «Абад ЮГ» ЖШС және «Төлеби Автобус Паркі» ЖШС арқылы жүргізіліп отырған болатын.

Бұл автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды.

20161202193036

Осы күні күрделі жөндеуден өткен Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты пайдалануға берілді.

Атқарылған жұмыстың сапасын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аралап көрді.

Атап айтар болсақ, ғимараттың іргетасы 1950 жылы қаланған. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда бұл ғимаратқа Əл-Фараби аудан аппаратымен қатар қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі орналасты.

Талқылау