Шымкентте үш аяқты балапан дүниеге келген

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 17:56

Шымкенттік отбасында үш аяқты балапан дүниеге келді. Үш аяқты балапан ауыл азаматтарының қызығына айналған. Оны көргісі келетіндер көп екен.

тауық

Бұл туралы Отырар арнасы жазған.

Рахымжан Имамовтың қорасында осындай балапанның пайда болағына көп  уақыт бола қоймапты. Азамат сенімді адамнан жылдағы әдеті бойынша бірнеше күрік тауық алған. Олар жұмыртқаны жарып шыққан көптеген балапанның арасынан үш аяқтысын бірден байқай қоймаған.

тауықққ

«Шөжелерді тамақтандырып жатқан кезде байқадым мұндай жағдайды. Балапанның үшінші аяғында әдеттегідей төрт емес үш саусақ. Ол аяғын жүруге пайдаланбайды. Қанша жылдан бері тауық өсіреміз, мұндай жағдай бірінші мәрте болып отыр. Не себепті бұлай болғанын да біле алмадым. Мен тауық,жұмыртқа алатын жер экологиялық таза аумақта орналасқан»,-дейді  Имамов.

тауық1

Шаруаның айтуынша балапанның үшінші аяғы оған ешқандай кедергі келтірмейді екен. Ерекше балапан өзімен қатарлас шөжелермен бірдей өсіп келеді екен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар