Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үш адам аса ірі жол апатынан аман қалды

Шымкентте ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Жо лапаты 16 наурыз күні Темірлан тас жолының бойында болған. «Hyundai» маркалы автокөлік жолдың тайғақтығы кесірінен қатты жылдамдықпен жол шетіндегі бағанаға соғылған. Нәтижесінде апат өте жойқын болып, көліктің артқы жағы бөлініп қалған.

84ce4818e7e31a58f7cc2f6a6b68a47e

Бұл туралы tvk-uko.kz сайты хабарлайды.

Көліктің бөлшектері 20 метр қашықтыққа дейін ұшып кетсе, артқы бөлігі арықтан табылды. Қуанышқа орай, салонда үш адам отырғанына қарамастан, ірі жол апатынан адам шығыны болған жоқ.

1988 жылы туған жігіт басынан жарақат алып ауруханаға жеткізілген. Ал қалған екі әйелге дәрігерлер жеңіл ем-дом көрсеткен.
Зардап шегушілердің айтуынша жаңбырдан соң жол ылғал болған.

photo_179908

Нәтижесінде жүргізуші көлікті тежеп үлгере алмай қалған. Көлік қайта жиналуға келмейді. Сондай-ақ дәрігерлер сол күні осыған ұқсас жол апатының да көп болғанын айтып отыр.

Қатты желдің әсерінен таңғы сағат 11 шамасында Леңгір жолында жеңіл көлік талға соғылған.

Талқылау