Шымкент зообағында өлген Тоқтар Төлешовтың екі атының қанша тұратыны анықталды

Сәрсенбі, 22 Қараша , 2017 9:03

Шымкент зообағының директоры  осы жерде өлген Тоқтар Төлешовтың жылқылары жайлы айтты. Оның сөзінше БАҚ өкілдері  жалған ақпарат таратқан, себебі, өлген екі ат асыл тұқымды емес,-деп жазды Otyrar.kz.

Нұрғазы Бұхарбаевтің сөзінше  белгілі кәсіпкердің мүлкін тәркілеу кезінде алынған екі жылқының тұқымы мен жасына қатысты жалған ақпарат тараған. Екі ат ешқандай да асыл тұқымды емес дейді ол.

Олардың бірі – 687 мың, екіншісі- 570 мың теңгеге бағаланған. Бірінің жасы -22-де болса, екіншісі -18 жаста болған.

«Асыл тұқымды жылқыларды етке сатып жіберді деген сөз болды.Ешқандай да, кәрі жылқы көз алдымызда 15 минут бойы қиналып өлді. Бұл сөз қайдан шыққанын білмейміз. Бізде әр түскен жануарды тексеріп отыратын адамдар бар. Журналистер неге анықтап барып ақпарат таратпайды екен. Адамның еңбегін бағаламаған кезде кәдімгідей көңіл түседі»,-деді  Бұхарбаев.

Зообақ директоры осы мәселе бойынша алдағы уақытта терксеру қорытындысы шығатынын да ескертті.

«Мен прокурормен сөйлестім. Қолдағы барлық фото, видео дәйектерді бердік. Жұртқа жария етудің қажеті жоқ болар деп түсіндім. Ол жылқылардың бастары да бізде сақталған болатын. Қылмыстық іс қозғалды. Жақсы болды ойдан шығарылған жаладан құтылатын болдық»,-деді  зообақ басшысы.

Қазір мұнда Тохтар Төлешовтен алынған тағы үш жылқы бар екен. Олардың денсаулықтары жақсы көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Ешкі сүті көптеген дертке ем

Жұлдыз Өмірғали алғаш рет Айқын екеуіне қатысты бар шындықты айтты

WhatsApp-та өшірілген хаттарды қалай оқуға болады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар