Шымкент зообағына кіру құны 21 теңге 21 тиын болып бекітілді

Жұма, 27 Мамыр , 2016 13:08

Шымкент зообағы билет бағасын өзгертті. Бұрын балалар билеті 300, ал ересектерге арналған билет 500 теңгені құраса, қазір кіру құны он есеге арзандаған.

Безымянный

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Қазір енді қалалық зообақ аумағына аттап басу үшін 21 теңге 21 тиын төлесеңіз жетіп жатыр. Әрине, баға туралы барлығы біле бермейді. Ал төлем чегін көргендер таңқалыстарын жасыра алар емес. Әрі бәрінің бірдей қалтасында майда тиын жүре бермейтіндіктен де төлем жасап, қайтарымын алар сәтте қиындық туындауда.

Оның үстіне аю, қасқыр, жирафтарды көргісі келетіндер саны артып жатыр. Кеше ғана мектептерде соңғы қоңырау соғылғанын ескерсек, жаз бойы зообаққа келетін балалар саны да көбеймек. Бұрын қала тұрғындары билет бағасының қымбат екенін айтып мұң шақса, енді арзан болғанына да қиналыс танытып жатыр. Ал зообақтың бас есепшісі жаңа бағаның заң аясында қолданып отырғанын айтады.

“Бұл баға салықтық заңнама негізінде қойылды. Өзгеріс бір ай бұрын болды. Енді кіру бағасы – 21 теңге 21 тиын. Келушілердің қалтасынан дәл осы сома табылмай қалуы себепті қиындық туындап қалып жатыр. Әрі қайтарымға дәлме-дәл ақша кассада да болмай қалады”, – дейді есепші Зәмзәгүл Орманова.

тим

Ал қызметкерлер болса билет құнының арзандап кетуі зообақтың бюджетіне оңай тимейді деп санайды. Енді айлық қысқарып, жануарлардың жемі азая ма деген қорқыныш зообақты кезіп жүр. Ал қала билігі болса әлі де болса зообақ билетінің құнына қатысты нақты шешімді шығармай отыр.

Ал әзірге Шымкент тұрғындарының өте арзан бағаға керемет жануарлар мен түз тағыларын көруіне керемет мүмкіндік туып тұр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    ооооо күшті! балаларды алып қайта-қайта барамыз

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар