Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны жүргінші жолағында адам қағып, ізін суытқан

Жүргізуші жаяу жүргінші жолағында 35 жасар ер азаматты қағып кетті. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кеткен. Жүргізуші ізін суытып үлгерген, бірақ көп ұзамай қолға түсті.

Шымкент тұрғыны жүргінші жолағында адам қағып, ізін суытқан

Шымкент қаласының полицейлері жол-көлік оқиғасы кезінде адам өлтірген 20-жастағы жігітті құрықтады, – деп хабарлайды ОҚО ІІД.

Жол-көлік оқиғасы 15 қараша күні Ынтымақ ықшамауданында орын алған.

Көлік жүргізген 1995 жылғы Шымкент тұрғыны кінәсін мойындады, деп хабайлайды Ішкі Істер департаменті.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 (жол жүру ережесін бұзушылық пен транспорттық құралдарды эксплуатациялау, транспорттық құралдарды басқару) және 347 (Жол-көлік оқиғасы кезінде қашу) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалуда.
Оpel Vectra автокөлігі айыптұрағына жөнелтіліп, жүргізуші абақтыға жабылды. Қазір соталды зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау