Шымкент тұрғыны сүйіктісіне цирк күмбезінің астында ұсыныс жасады

Сенбі, 13 Ақпан , 2016 23:50

Шымкенттік ару керемет таңғаларлық ұсынысты цирк ішінде алды. Оның жігіті сүйіктісі үшін күтпеген тосын сый дайындауды дұрыс деп шешкен екен.

we

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Ғалымжан Ермекбаев “Оңтүстік циркімен” арнайы келісіп, жеке сахналық қойылым дайындаған. Цирк басшылығы мен қызметкерлері бұл ұсынысқа қуана келісіп, жас жігіттің меселін қайтармаған. Клоундардың өнер көрсетуі кезінде, қыз қойылымға қатысу үшін ортаға шақырылады. Сосын клоун бірге ойнауға шақырғанда, қыз ешқандай күдіктенбестен келіседі. Қойылым бастала бергенде цирк ішінде гүл шоқтарымен жігіт пайда бола кетеді.

Мұндай керемет ұсыныстан кейін, Әсел де келіспеске шара қалмағандай еді. Ғалымжан тізерлей отырып, өзіне күйеуге шығуға ұсыныс жасайды. Ол неке сақинасын шығарған кезде, барлық залдағы адамдар ду қол шапалақ соқты.

Әселді циркке құрбысы шақырған екен. Ғалымжан онда болады деп күтпеген.

“Айтарға сөзім жоқ! Сүйіктіме еш ойланбастан, “иә” деп келісімімді бердім”, – дейді қуаныштан толқып тұрған қыз. Ғалымжан мен Әсел өздеріне көмектескен барша достарына рахмет айтты.

fed sd

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар