Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны өз үйінің табалдырығынан ер адамның денесін тапты

Шымкентте үй иесі өз үйінің табалдырығынан ер адамды өлі күйінде тапты. 12 шілде күні түнгі сағат 3-те полицияға Бауыржан Момышұлы көшесіндегі үйден шұғыл қоңырау түскен.

ымымымымы

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Телефон шалған адам жедел жәрдемді де шақырған. Оқиға орынына жеткен дәрігерлер бригадас ер адамның қайтыс болғанын анықтаған.

Үйдің иесі зейнет жасындағы ер адаммен бұрыннан таныс екенін айтты. Зейнеткер сол көшеде бірнеше үйден кейін тұрыпты.

“Біз жиі әңгімелесетінбіз. Қоғам, өмір туралы пікір алысып, жағдай сұрасатын едік”, – дейді үй иесі.

Зейнеткерді тауып алған ер адамның сөзінше, ол жалғыз тұрған болуы мүмкін. Оның айтуынша, дабыр-дұбыр естілген кезде, отбасы мүшелері ұйықтап жатқан. Бейуақыттағы дыбысқа елеңдеген үй иесі, есікке барып “бұл кім?” деп сұрайды. Оның сұрағына ешкім жауап бермеген. Ал қақпаны ашып қалған кезде, оған қарай адам денесі құлап кетіпті.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер тексеріп жатыр.

Көршілері, ақсақалдың көмек сұрауға келген кезде, жағдайы күрт нашарлап қайтыс болған болуы ықтимал дейді.

Талқылау