Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны орталық саябақта үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберді

8 тамыз күні Шымкент қаласының орталық саяағында 45 жастағы әйел үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберді.

Жол-патрульдік полицейі, полиция сержанты Нұрбол Мұқашев пен кіші сержант Абылай Мырзахмет өзіне қол жұмсамақ болған 45 жастағы әйелді құтқарып қалды.

3

Полицейлер саябақта әлдебір әйелдің үстіне бензин құйып өзін өртемек болғаны жөнінде хабарлама келіп түсе салысымен оқиға орнына жетіп үлгерген. Олар отты өшіріп, жедел-жәрдем қызметін шақырған. Зардап шегушіні емханаға жеткізілген. 1971 жылғы әйел бензинге ұқсас сұйықтықты үстіне құйып, өзін өртемек болған.

Бұл іс «Өзіне қолжұмсауға әрекеттену» бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Үй аламын деп алданып, өзін өртемек болған әйелге ақшасы қайтарылатын болды

Сот үкімімен келіспеген атыраулық  өзін өртемекші болды

Көкшетауда жалақы алмағаны үшін өзін өртемек болған азаматтың жалақысы толық төленген болып шықты

Британиялық әзілдеймін деп әйелін өртеп ала жаздады (видео)

Талқылау