Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін келіншегін аяусыз соққыға жығып үйінен қуып жіберді

Сейсенбі, 25 Қазан , 2016 21:35

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін таяққа жығылды. 6-шы қызын босанған келіншекті күйеуі сабап, үйінен қуып жіберген. Үлкені 8 жасар, кішісі 8 айлық 6 баламен далада қалған Әлия Қайназарованы перзентханада танысқан әйел үйіне кіргізіпті. Оның да 6 баласы бар, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (68)

Бір бөлмелі ғана аядай үй балабақшаға көбірек ұқсайды. Шиеттей 12 бала осында тамақтанады, ойнайды, ұйықтайды. 6 қыз туғаны үшін жазықты болып, күйеуінен өлердей таяқ жеген Әлия Қайназарова осының өзіне риза. Соңғы мәрте 5 күн бұрын жары соққыға жыққан оны перзентханада танысқан келіншек үйіне кіргізіпті.

«Басымнан ұрды. Қыздарымның көзінше тепкіледі.  Ұлдана қызым «папа ұрмашы» деп аяғына жалынды. Балалардың бәрі жылап бұрыш-бұрышқа тығылды. Қорқып қалған қазір», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Қайназарова.

Қыз туғаны үшін таяққа жыққан күйеуі ақыры далаға қуып шыққан. Әлия енді амалсыз, таныс әйеліне қоңырау шалып, балаларымен өзі үстіндегі бір сыпыра киімімен осы үйде жүр. Соңғы мәрте Құрбан айтта ет жеген 6 балалы екі әйел біздің көзімізше ас дайындады. Онысы не еті, не картоп-сәбіз түгілі дәмдеуіші жоқ құр макарон.

30 жастағы келіншек күйеуімен қосылғалы пәтер жалдап тұрып келген екен. Пәтер қожайыны ақша төлемедіңдер деп, балалардың құжаты мен киімдерін алып қалыпты. Мектеп жасындағы екі қызы бір аптадан бері сабаққа бармай жүр. Полицейлерге хабар берсе, олар да бас бұрмапты.

«Бөлек пәтерге шығып, қыздарымды  бақшаға жайғастырып, оқуын оқытсам деймін. Сосын жұмыс істесем деп жатырмын», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны  Әлия Қайназарова.

Ал, Әлияны қыздарымен үйіне кіргізген Ханымкүл екеуі 8 ай бұрын перзентханада танысқан екен. Телефонмен сөйлесіп тұратын құрбымның жағдайын естіп, бірден алып келдім дейді. Өзі жетімдер үйінде өскен 6 баласы бар жесір әйел Әлияға мемлекет көмектеспесе де үйден қумаймын дейді.

«Алланың берген сыйы. Періште ол. Бала-шағаммен қалғам мен де 3 жыл бұрын. Сол кезде маған баспана берген үкімет. Сол сияқты бола ма деген үмітте болып отырмын. Біреу қол ұшын берер. Қумаймын, бұл адамгершілікке жатпайды», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ханымкүл Бейсебаева.

Әлия Қайназарова биліктен тек өзгенің қолында қалған құжатты алып беріп, үйдің кезегіне қояды ма деп үміттенеді. Күйеуімен ажырасуға жүрексінетін келіншек құзырлы орындар теледидардан көріп қол ұшын бермесе, жәй арызға полиция пысқырмайды,- дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

21
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
25 күні 16 сағат кері

Еркек деген тусинбейди айел адам кандай киналып дуниеге бала акелетинин.менин 2 кызым бар жакында 3кызымды босандым маганда куйеу им ул тумадын деп ренжиди.мен узиге тускенде ул деген .бирак мен кыз тудым.куйеуиме конилим катты калды.

Анонимно
1 ай 11 күні кері

Журегим ауырады осындай жагдайларды корип естисем, куйеуи хайуангой, еркектин озине корсету керек босанып жаткнында корсин онай емес екенин.

Анонимно
1 ай 12 күні кері

Кыз бала ул бала тууу айелге емес еркекке байланысты. Санасыз еркек. Ана айелге коп рахмет комек бергены. Полиция не акиматта отырганын де бары сол комектесудын орнына усти устине битпейтын кужат сурап акша жок адам калай истейды. Осында айел сиякты адамгершылыгы мол адамбар коп болсын.

Салима
1 ай 12 күні кері

Осы адамдарды тусынбейм кыз ол Алланын берген быр пенлесыго ертен кыздар бой жетеды сонда аке неге бызды кудыз десе калай карайды екен кызда улмен тенго анасына Алланын нуры жаусын козды ашып жумганша барлык киыншылык отып кетеды.

Анонимно
1 ай 12 күні кері

Топас ерқектер қалай түсіңбейді ерқектын ұрығы əлсіз болса əйелі қыз түа береді.

Анонимно
1 ай 13 күні кері

Алла жар болсын. Бірақ байын емдеу керек .Психически ауру ғой. Бала тудырғанды біліп. Оларға жағдай жасауды ойламайтын не еркек өзі? Бар жақсылықты қыздардан көретінін білмей тайпаңдап журген еруек емес ез да бір

Анонимно
1 ай 13 күні кері

Кыз ба,ул ма бариде Алла тагаланын бергени емеспе?Кудайым ау бул еркек сонда не адам?

Анонимно
1 ай 13 күні кері

Окиништи екен! Алла жардем берсін! Мумкин орынсыз болар, сонда да айтайын. Айели жетінші балаға аягы ауыр екенін, онысы кыз бала екенине ренжиген бір жигит тусинде Тозактын бир есигинен тасталайын десе, кызы есик алдында турып оны жибермепти дейди. Келесиге барса, солай. Сойтип алтыншы есигине дейин осы жагдай орын алған. Тозактын жеті есиги бар екенін билген азамат ояна салысымен жетиншиси де қыз бала тууын қалай кеткен екен. Ұл туғанда одан хайыр болатынына сенимди ма екен?

Жұмбақ жан
1 ай 13 күні кері

Қыз етіп жасап отырған еркек өзінен көрмесе байғұс айелдің не жазығы бар. Кезінде биология сабағын дұрыс окымаган гой. Ертен сол 6 кыздан көреди кайырды. Казакта сөз бар гой ұлдан ба кыздан ба кайыр.

Анонимно
1 ай 13 күні кері

ия киын жагдай.осы сол жердин окимет басшылары осы жагдайга бекер карап отырма сонда.неге шугыл жардем жасап сол куйеуди уйинен шыгарып сал анага комектеспейди.кыз бала дегег жаксы гой.ул тауып сол улдардын караганы шамалы.ОЛ КУЙЕУ УЙДЕН КУЫЛЫП АНАГА ОРЫН ТАУЫП БЕРСИН

ананимно
19 күні 4 сағат кері

Мына еркек адам емес. Баланы тудыруды биледи,оны багуды билмейди. Кыздан кореди пайданы,оны билмейди гой онбаган! Алла тагала жазасын берсин.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар