Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны күшігін ұрлап кеткен полицейді іздеп жүр

Қызық оқиға 25 тамыз күні кешкі уақытта болыпты. Жеке үйдің жанына келген полицей формасын киген ер адам көлігінен түсіп, күшікті ұрлап кеткен.

Безымянный

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Оқиға көшеде жүрген адамдардың көзінше болған. Екі күн бойы іздеп-іздеп шарасы таусылған тұрғын журналистерден көмек сұрапты.

“Жұма күні Лада көлігін мінген полицей қара түсті күшікті ұрлап кетті. Павлов пен Калинин көшелерінің қиылысында ол күшікті салонға салып, көршілердің айғайына қарамастан кетіп қалды. Ұяты қайда, содан кейін тыныш ұйықтап жүр ме екен”, – дейді Вчяеслав.

Оқиғадан хабардар болған желі қолданушылары полицияға арыз түсіруге кеңес беруде.

“Ол түсі қара, құйрығы ақ сүйкімді күшік еді. Неге оны көшеге алып шықтың деп әйелім менен көріп жатыр”, – дейді қожайыны.

Оқи отырыңыз:

Қытай Қазақстан студенттеріне берілетін грант санын арттырады

Ақтөбелік шенеунік әйелі мен баласын әлдекімдердің ұрлап кеткенін мәлімдеді

Қазақстанда 35 мыңға жуық талапкер білім грантына ие болды

Талдықорғанда әйел сәбиін 400 000 теңгеге сатып жібермек болды

Талқылау