Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны 10 жастағы баланы құлдықта ұстаған

Өзбекстандық 10 жасар бүлдіршінді Шымкентте жасөспірімдердің түнгі мезгілде бейсауат жүруін бақылау мақсатында ұйымдастырылған кезекті рейд кезінде прокурорлар мен тәртіп сақшылары анықтаған, – деп хабарлады STAN.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасай отырып.

бала111

«Достық» мөлтек ауданындағы жеке үйлердің бірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі әйел өзін «жасөспірімнің әпкесімін» деп таныстырған.
Өздігінен жүріп-тұра алмайтын баласы бар келіншек жасөспірімді бес айдан бері ешқайда шығармай ұстап отырған және үйінің бар шаруасын соның мойнына артып қойған көрінеді.

Тәртіп сақшылары баланың жұқа киіммен жүргеніне, жүдеу түрінен қарап бірден ата-анасын сұрастыра бастаған.
«Оны көршілері де растап отыр», – дейді Қаратау аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрлан Қайназаров.
Құзырлы орган өкілдері баланы өзінің туған бауыры бес ай бойы құлдықта ұстаған болуы мүмкін деп отыр. Қазіргі таңда мәселенің анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Баланың ата-анасы Өзбекстан азаматтары болуы мүмкін. Анық сөйлей алмаған бала үстіндегі көгерген іздерді құлап қалдым деп түсіндірген. Және анасы шет елге ақша табу мақсатында жұмыс істеуге кеткенін айтқан. Қазір ол уақытша бейімдей орталығында.

Талқылау