Шымкент тұрғындары сатушылардың таразыдан қалай жейтінін әшкере қылды

Шымкентте көкөніс сатушы әйелдің тұрғындарды алдап, таразыдан қалай жейтіні белгілі болды.

Сатушының алаяқтығын екі жігіт жасырын камерамен түсіріп алған. Бұл видео Инстаграм желісінің dudoser тобында жарияланды.

Сатушы таразыға әдейілеп жіп байлап қойған. Жіпті тартқанда таразы басына салмақ қосылады. Сондықтан сатып алушы артық салмақ үшін де қалтасынан ақша төлуге мәжбүр.

Видеодан байқағанымыздай, сатушы әйел тауар салмағын есептеп жатқанда аяғын таразының астына тығып жоғары көтереді. Бұл таразыдан жеудің амалы.

Мұны көрген желі қолданушылары ашуға булықты.

“Саудадан жеудің күнәсі қиын болатынын біле ме екен мына кісі”, “Таразыдан жегенін айтуға ауыз бармайды”, “Бір бірін алдаған заман”, деп жазды пікір білдірушілер.

Тағы да оқыңыз:

Жоғары сот төрағасы шахтерлер ереуіліне қатысты сот шешімін түсіндірді

Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы елге қайтарылды

“Харекет” қайырымдылық қоры көп балалы отбасына баспана сыйлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар