Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте тойда мас болып билеген бала табылмады

Шымкентте тойлардың бірінде мас болып қалып, билеген кішкентай баланы қаланың құқық қорғаушылары қанша іздесе де таба алмаған.

photo_176445

Бұл туралы Otyrar.kz жаңалықтар порталы хабарлайды.

«Іздестіру кезінде мас баланың тойда билеген видеосы туралы ақпарат анықталмады», – делінген Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

23 қаңтар күні «Ютюб» видеохостингінде «Пьяный мальчик танцует. Шымкент кафе Акжол» атауымен бейнежазба пайда болған еді. Ол жерде жасы кәмілетке толмаған, шамамен 5-6 сынып оқитын баланың үйлену тойында кәдімгідей масайып қалып, билегені анық байқалады.

Тәртіп сақшылары мейрамхана әкімшілігінен бұл оқиғаның жай-жапсары туралы сұраған. Алайда, олар аталмыш тойдың нақты қашан өткенін айтып бере алмаған. Әкімшілік өкілдері кәмілетке толмаған балаларға спирттік ішімдіктер сатпаймыз деген уәж айтыпты. Тиісінше, бейнежазбаны кімнің түсіріп, ғаламторға жүктегені де анықталмады.

Соған қарамастан, полиция қызметкерлері бейнежазбадағы жеткіншекті іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Талқылау