Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент полициясы: 5 жасар қыздың денесінде зорлық белгілері жоқ

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, аулада ойнап жүрген жерінен мас адам алып  кеткен 5 жасар қыздың денесінен зорлық белгілері анықталмаған, -деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

қызззз

«Жергілікті ақпараттық сайттарда Шымкент қаласы Ордабасы алаңы аумағында 34 жастағы мас халдегі белгісіз ер кісінің 5 жастағы қызды педофилдік әрекетпен қорламақ болғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Тексеру барысында анықталғаны, 2016 жылдың 11 шілдесі күні, кешкі уақытта, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби полицей бөліміне 1969 жылы туған жергілікті тұрғын, Ордабасы алаңының аумағында 30-35 жас шамасындағы белгісіз ер кісі оның 2011 жылы туған қызын қорламақ болғаны туралы арызданған», – деп хабарлайды ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы Ордабасы ауданының тұрғынын ұстады. Кішкентай қызға тиіскен күдікті мас болған.

«Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп ақпарат таратты баспасөз қызметі

Сот-медициналық сараптама 5 жастағы бүлдіршіннің денесінде ешқандай жарақаттар жоқ екенін көрсеткен. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Бұған дейін Шымкентте ер адам әткеншек теуіп отырған 4 жасар қызға азғындық жасаған деген ақпарат таратқан едік.

 

 

Талқылау