Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент полицейлері көпірден секірмекші болған әйелді құтқарып қалды

Шымкентте көпірден секірмек болған азаматшаны полиция қызметкерлері құтқарып қалды. Оқиға 15 наурыз түні сағат 23:30 шамасында болған.

018

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Қаладағы Тұрар Рысқұлов даңғылының бойындағы көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелдің жасы отызда. Ол 102 сымтетігіне өзі хабарласып, секіргеннен кейін денесін алып кетуін сұранған.

Оқиға орнына жол-патрульдік полициясы ротасының 792-экипажы келді. Дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары суицидке бармақ болған әйелді аман алып қалды. Полиция капитаны, 3-ротаның взвод командирінің орынбасары Ордабек Күзербаев әйелдің төменге қарай аттай берген сәтінде қолынан ұстап алады.

“Біз көрсетілген жерге дер кезінде жеттік. 1986 жылы туған келіншек өзін-өзі төмен қарай тастап жібермек болып тұр екен. Ұстап қалдық. Екі балам бар деген жас келіншек өмір сүргім келмейді деп, бірнеше рет қайталаумен болды”,- дейді Ордабек Күзербаев.

019-1

Оқиға орнына полиция жасағының басшылары да келді. Олар мәселенің мән-жайын анықтама болып, әйелді Әл Фараби полиция бөліміне алып кетті.

Талқылау