Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент полицейлері автокөліктердің мемлекеттік нөмірін ұрлаған күдіктілерді ұстады

Бүгін, 2016 жылы 14 қаңтар күні сағат 9.30 шамасында «Көктем» ықшам ауданындағы стационарлық полиция бекетіне жергілікті тұрғыннан автотұрақтағы көлігінің мемлекеттік нөмірінің ұрланғаны туралы шағым түседі.2

Айтылған мекен-жайға келген Шымкент қалалық ІІБ жол-патрулдік полициясы полкінің қызметкерлері автотұрақта тексеріс жүргізген. Біршама уақыт зерттеу барысында, әртүрлі машиналардың мемлекеттік нөмірлерін жымқырып кеткен күдіктіні қолға түсіреді. Ол 1993 жылы туған жергілікті тұрғын екен.7

Көлік иесінің айтуынша, ол сигнал беру жүйесінің дыбысы арқылы сыртқа шығады. Дереу, көлігінің нөмірі ұрланғанын байқайды. Тиісінше, сол заматта-ақ күдікті ретінде екі адамды көзі шалады. Біреуінің ізінен қуып жетіп, полицияға хабарласқан.5

Қазіргі таңда қылмыстық іске қатысы бар делінген екінші адам іздестірілуде. Сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау