Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент полицейі арбаға таңылған мүгедек жанға көмектесті

Шымкенттің патрульдік полицейі арбаға таңылған мүгедек жанның қасынан өтіп бара жатып, көлігінен түсіп, оған көпірден өтуге көмектесті.

Безымянный

Бұл туралы Азамат Әбдікерейұлы есімді азамат Facebook парақшасында жариялады.

«Мен бүгін жол полицейінің қайырымдылығына тәнті болды. Ол көлігінен түсіп, көпірге көтеріле алмай тұрған мүгедек жанға көмектесті. Қоғам өзгеріп жатыр деген шын шығар», – дейді ол желідегі парақшасында.

Безымянный

Азамат тіпті полицейдің Х 839 ҚР нөмірін де жазып алған екен.

Жіберіп алмаңыз:

Петропавл полицейлері 22 жыл бұрын есін жоғалтқан әйелге көмектесті

Талқылау