Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент құрылыс бөлімінің басшысы 170 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Шымкент қалалық құрылыс бөлімі жетекшісінің үстінен іс қозғап қарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

hA1d3odLaPSp63x627zu9il5obj3Sr

Фото: yvision.kz

Сонымен қатар, “Строй Сервис-7” ЖШС және басқа да тұлғаларға қатысты 170 млн теңге шамасындағы бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылуда. Аталмыш қаражат 2013 жылы Бадам өзені жағалауында тұрғын үй құрылысын тұрғызу үшін бөлінген.

Ұрланған ақшалар жалған кәсіпкерлік және қылмысқа қатысушылар арқылы өзара бөлінген. Аталған дерек бойынша мекеме жетекшісі Е.К.Бұхарбаев тұтқынға алынып, сот санкциясымен қамауға алынған.

“Строй Сервис-7” ЖШС жетекшісі Қ.А.Орашев және У.В.Шимиров, сондай-ақ, техбақылаушы С.Е. Смаханова өз кінәларын мойындап, жымқырылған ақшаны өтеу туралы шаралар қабылдамақ. Қазіргі таңда қайтарым ретінде 50 млн теңге мемлекет қазынасына аударылды. Осыған байланысты олардың әрекетіне сай “кепілдік” шарасы қабылданды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Талқылау