Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласының билігі 30 мамыр күні жұртты көшеге шықпауға шақырды

Шымкент қаласының билік өкілдері тұрғындарды 30 мамыр күні мүмкін болғанша көшеге шықпауға шақырды.

snapshot20130520223438

Бұл ауа райының қолайсыздығынан туындап отыр. Қала әкімдігінің ресми сайтында: «Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Құтқару қызметі 30 мамыр күні Шымкентте нөсер жаңбыр мен екпіні секундына 25 метрге жететін жел тұруы мүмкін деген ескерту таратты. Осыған орай қала әкімдігі баршаңызды мүмкіндігінше көшеге шықпауға шақырады. Қауіпсіздік сақтау үшін балаларды далаға шығармағандарыңыз жөн. Сонымен қатар, қоғамдық көлiкпен жүрмегендеріңіз абзал!» деген хабарландыру жазылды.

Еске сала кетейік, дүлей дауыл облыс тұрғындарын әбігерге түсірді. Көптеген ағаш құлап, көліктерді басып қалып жатты. Тіпті, үйлер мен ғимараттардың шатырлары құлады. Қаланың тазалық қызметі қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.

Тағы да оқыңыз:

Оңтүстікте өз анасынан оңбай таяқ жеп, бас сүйегі сынған баланың беті бері қарады

Қарағандыда әйел өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Ақтөбеде 17 жастағы қыз хат жазып қалдырып өзіне қол жұмсады

Талқылау