Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кафеде екі жігітті соққыға жыққан күзетші қыз жауапқа тартылуы мүмкін

Шымкентте клиенттерінің ақша төлемегені үшін таяққа жыққан күзетші қыз тәртіп сақшыларының күдігіне ілініп отыр. Олардың айтуынша, жігіттерді тәубесіне түсірерде мекеме қызметкері шектен шыққан қатаң әрекет жасаған.

ыыы

Сурет goodfon.ru

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Күзетші қыз қызмет бабын асыра пайдаланды деп есептеген полиция, сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастап кеткен.

“Жақында ғана ақпарат құралдарында Шымкент қаласындағы кафелердің бірінде клиент пен кафе күзетшілерінің ерегесіп қалғаны туралы жарияланды. Тексеру кезінде 3 шілде күні полиция басқармасына 1988 және 1990 жылы туған екі тұрғынның шағымданған. Істің анық-қанығына жету үшін басқармаға 1995 жылы туған қыз бен 1990 жылғы ер адам жеткізілді. Аталған факт ҚР ҚК 252 бабы негізінде тіркеліп отыр. Тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген ОҚО ІІД баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, клиент пен күзетші арасындағы дау Шымкент кафелерінің бірінде екі клиенттің есеп-шотты төлеуден бас тартқандарынан кейін басталған. Жекпе-жек түрлерінен арнайы разрядқа ие күзетші қыз екі жігітті далаға шығарып, сазайларын берген. Жігіттердің беттері оңбай жарақаттанып, киімдері қанға боялыпты.

Талқылау