Шымкент ауруханасында көз жұмған бүлдіршінге қатысты мәліметтер шықты

Шымкент әкімдігі мен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы қазалы отбасыға көңіл айтып, оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.

2015 жылы туған қыз бала ауруханаға 9 қыркүйекте жедел жәрдем қызметімен түсті. Оның жүрегі айнып, іші ауырған. Дәрігерлер тексерген соң баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде екенін айтты. Ауруханаға жатқызуды ұсынғанымен, әжесі бас тартқан. Бірақ бас тартатыны жөнінде қолхат жазбаған. Екінші рет қайта сағат 14:24-те жедел жәрдем шақыртқан. Сол кезде ауруханаға жатқызбайтыны жөнінде қолхат жазады. Сол күні сағат 16:55-те ауруханаға өздері келеді.

Ауруханаға келгендегі шағымы мынадай болды: Бәр тәулікте 5-6 рет лоқсу, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Оған пицца мен суши, сүтті коктейльдің әсері болған. Анасы да бірге ауырды. Ол ем алды. 10 қыркүйекте қызының жағдайы нашарлап кеткендіктен сағат 21:10-де жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Ем жүргізілгенімен қыз баланың жүрегі көтере алған жоқ. Сепсис, бас миының ісінуі, септикалық шок диагнозы қойылды. Дәрігерлер қолынан келгенін жасады, бірақ уақыт өтіп кеткендіктен құтқару мүмкін болмады. Интоксикация мен улану кезінде адам бір тәулік ішінде көз жұмады.

Анасы патологиялық-анотомиялық тексеруден бас тартып баланың денесін алып кетті. Медициналық қызметкерлерге ешқандай шағымы жоқ екенін жазып, қолхат қалдырған.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау комитеті департаментімен бірлесіп баланың қалалық жұқпалы ауруханасында қайтыс болған ісі бойынша ресми тергеу басталды. Тергеу нәтижелері қосымша баяндалады.

Бұған дейін қыз баланың анасы жағдайды өзі баяндап, дәрігерлердің қызметіне көңілі толмайтынын айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар