Шымкент әкімі жұмысқа автобуспен қатынайтын болды

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017 18:04

Шымкент әкімі қарамағындағылардың жұмысқа қызметтік көлікпен қатынауына тыйым салды.

Бұл туралы TVK арнасы хабарлайды.

Қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қоғамдық көлік проблемалары туралы жиналыстан кейін осындай шешім қабылдаған.

“Біз жол қозғалысы тәртібі мен кестесінің сақталуы туралы бірнеше рет айттық. Үнемі автобустардың шектен тыс адамдарды толтырып алуы, дөрекілік, тәртіпсіздік, жүргізушілер мен кондукторлардың тәртібі, салон тазалығы туралы мәселе алдымыздан шыға береді. Үнемі бәрі дұрысталады дейді, бірақ шешілген мәселе жоқ”, – деген әкім енді басқаша нұсқаны қолға алмақ.

Қала басшысының шешімімен өзі және орынбасарлары, бөлім бастықтары, аудан әкімдері, олардың орынбасарлары және коммуналдық кәсіпорындар мен мекеме басшылары және қызметкерлері бір ай бойы қызметтік көлікті пайдаланбайды. Барлық қызметтік көліктер әкімдік тұрағына орналастырылмақ. Әкім сондай-ақ, қалалық әкімдіктегі жиналыстардың да санын азайтуға бұйрық берді.

Сонымен қатар, әкім қарамағындағылардың жұмысқа кем дегенде бір апта қоғамдық көліктермен баруын тапсырды. Қала әкімі осылайша шаһардағы қоғамдық көлік проблемаларын реттемек. Ол осы салаға жауапты орынбасары мен жолаушылар транспорты бөлімінің басшысына жағдайды реттеу үшін 8 апта уақыт берді. Олар осы уақыт ішінде қоғамдық көлік қозғалысының кестесін реттеу, автобустардың адамға шектен тыс толып кетпеуін шешу, аялдамаларға ақпараттық хабарламалар іліп, салонды тазарту, жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетін жетілдіру сынды шаруаларды жүйеге келтіруі тиіс.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қазақстандықтарға телефонының тыңдалымға қойылғандығы жөнінде қашан айтылады

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Жаңбыр соңы қарға ұласады: Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар