Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі жол ережесін бұзғыш жастарды малға теңеді

Жол қауіпсіздігіне байланысты шұғыл жиналыс өткізген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сала басшыларына бірқатар ескертулер айтып, сыни пікір білдірді.

IMG_2880

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

“Неге біз жолаушылар транспорты жұмысын неге дұрыстап жолға қоймаймыз. Мектеп оқушыларын тасымалдауды неге қамтамасыз ете алмай отырмыз? Неге бізде бағдаршам жұмыс істемейді? Неге біздің тротуарларда дүңгіршектер тұр кедергі келтіріп?”, – деп сауал тастады полицейлер, қалалық бөлімдердің басшылары мен журналистер отырған залға қарап.

Әкім келтірген деректер бойынша 2015 жылдағы төрт ай бойынша 440 жол апаты орын алып, 16 адам қайтыс болса, оның 10-ы балалар екен. Ал 2016 жылдың 4 айында 321 жол апаты орын алған. Мұнда да зардап шеккен 22 адамның 12-сі балалар.

“Жол апатының екі себебі бар деп есептеймін. Біріншісі – көлік жүргізу мәдениеті. Бізде кейбіреулер жолда өзінен басқа ешкім жоқ секілді жүреді. Кімде кім ережеге бағынбай, оңды-солды ереже бұзып жүрсе, онда ол өзін мал секілді ұстағаны. Әрі бұлар негізінен жас балалар. Ал екінші себеп – бұл жолдың сапасы”, – деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Соңғы бір баланың өліміне себепкер болып, алты адамды жарақаттаған жол апатына байланысты да әкім пікір айтты.

“Айыпты Бақтыбек Айдос ең қатаң жазаға тартылуы тиіс. Егер көлік айдай алмасаң, жаяу жүр. Емтихан тапсырып, дайындалып, сосын барып көлік жүргізу куәлігін алу қажет. Сосын жолға да тез арада жөндеу жүргізілуі керек”, – деп қадап айтты әкім.

Талқылау