Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі жүріп кеткен автобусты жаяу қуып жетіп алды (видео)

Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов өз қызметкерлеріне қызметтік көліктен бас тартып, қоғамдық көліктің тауқыметін тартуды тапсырған болатын. Өз сөзіне өзі берік болуы үшін қала басшысы қоғамдық көлік қызметін тұтыну тұрғысынан үлгі көрсетуді бастап кетті.

“Мен өз автобусыма сәл болмағанда кешігіп қала жаздадым. Мен жетіп аламын дегенше автобус күтіп тұрды. Тұрып келгеніме қарамастан автобус маған ыңғайлы көрінді. Қаншама жастар отыр, оларға қарап жастық шағым есіме түсті”, – дейді әкім.

Адам толы автобусқа мініп келген Әбдірахымов қалаға ауқымы кең автобустар керек екен деген шешімге келген. 10 минутта жұмысына жеткен әкім өзін әдеттегі қалалық тұрғын секілді сезініп үлгерген.

Тағы да оқыңыз:

Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Қараша айында минус 30 градус аяз болады

Елімізде бензин бағасы әлі өсіп жатыр

Талқылау