Қаным қайнап тұр: Шымкент әкімі білім бөлімінің басшысын жұмыстан босатты

Жұма, 20 Мамыр , 2016 18:22

Бүгін Шымкент қаласының басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жол қауіпсіздігіне қатысты шұғыл жиналыс ашып, сұсты кейіпте шенділерді үстел басына жинады.

IMG_2880

Сурет saigez.kz

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

“Мен бүгін ауруханаға барып, кешегі жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайымен танысып қайттым. Қаным қайнап тұр!” деп бастады сөзін қала әкімі. Тура осы сөзден соң “білім бөлімі дұрыс жұмыс жүргізіп отырған жоқ” деген әкім бірден қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиевті қызметінен босатты.

Сондай-ақ, қала әкімі жиын барысында “жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Қуатжан Жұматаевқа және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жетекшісі Нұрлан Бектұрсыновқа қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар Ғабидолла Әбдірахымов жолаушылар транспорты бөліміне жолаушы тасымалдаушылардан келісімді міндеттемені сақтауды талап етуге бұйрық берді.

“Автобустар құдды “Формула-1″ де жүргендей құйғытады” – деп кейістік білдірді.

Қала көшелеріндегі автобустардың сайысына жолаушылар да бірнеше мәрте шағым жасаған еді. Ақыры бұл жанайқай да әкім құлағына жеткен секілді. Бұл мәселені реттеуге қала әкімі бір апта уақыт беріп отыр.

Жыл басынан бері облыс орталығында 321 жол апаты орын алып, 22 адам қайтыс болған. Олардың 12-сі балалар.

Еске сала кетсек, Арғынбеков жасаған жол апаты кезінде балалар аналарының қолынан ұстап жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Бір күн бұрын дәл сол жолақта тоғыз жасар баланы көлік қағып кеткен еді. Ал 19 мамыр күні болған жол апаты кезінде көлік жүргізушісі аялдамада тұрған 7 бала мен 2 әйелді қағып өткен.

Білім бөлімінің оқу жылы аяқталар тұста басшысыз қалуы бірінші рет кездесіп отырған жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Қызық екен шамасы келген білім бөлімі болды ма? Оның жол апатына не қатысы бар. Сәл ойланбай ма?

  • Гульнара says:

    Білім бөлімінің қатысы неде? Шымкенттегі жол полициясының жұмысы əлсіз, өте төмен. Жол полициясының бастығын алу керее еді.

  • Жұмбақ жан says:

    Билим болиминин оган катысы не?Еки ортада шыбын оледи деген. Оган жолдагы тартип сактау органдары тикелеи кинали деп ойлаймын. Сондай адамдар куалик берген. Барлык жерде мугалимдерди киналау санге айналды. Енди баланы туып тикелей мугалимге тапсыру калды. Сонда ата -атанын бала тарбиесиндеги орны кайда? Оган от басынан басталды деген. Бала. 24 сагаттын 18 сагаты ата-анасынын касында. Мугалим мектеп ишиндеги 6 сагаттка гана жауапты. Сондыктан мугалимдерди каралауга болмайды. Мугалим тек сабакка конил болу керек. Ал баланын тарбиеси ата -атанын уятына. Сондыктан мугалимдди тек шыдамдылыкка шакырамыз.

    • Жұмбақ жан says:

      шыныменен билим болиминин басшысынын не катысы бар. Болим басшысын орнынан алганда жол апаты азаяды ма екен. Жас кыз аягы ауырлап калса мугалим, баласын тастап кетсе мугалим, оз- озине кол жумсаса мугалим, бала окымаса мугалим мен барине кинали мектеп. Ай багы бир ашылмай койган мугалим мартебеси ай

  • Жұмбақ жан says:

    Шынында да білім бөлімінің не қатысты бар,жол жүру ережелерін мектептерде дұрыс түсіндірмеді дегені шығар, көрінгенге қол жаулық болған білім саласы жақсы болды бəріне

  • Жұмбақ жан says:

    Білім бөлімі басшысының не кінəсі бар. Одан да жол тəртібіне қарамаған полиция бастығын босату керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар