Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі Азиада жеңімпаздары мен бапкерлеріне 1 млн теңгеден таратты

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдрахимов Азиада ойынының жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттады.

Жарыстан екінші орын алғандарға 500 мың теңгені, үшінші орын алғандарға 300 мың теңгенің сертификаты табысталды, деп жазады Отырар. 

Қала басшығы спортшыларға алғыс айтып, олардың қаланың ғана емес, еліміздің абыройын көтергенін баса айтты.

Биыл спортшыларымыз 18 тамы бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қаласында жарысқа түсті.

Азиадаға Шымкент қаласынан 36 спортшы қатысты. Оның 14-і жүлдемен оралды.

Алина Адилханова мен Даяна Абдирбекова көркем гимнастикадан топтық команда бойынша бірінші орын алды. Ирина Подойниковада да сондай нәтиже болды.

Инна Клинова байдакамен жеке өзі ескек есуде 1-орын, командалық жарыст 2-орын алды.

 

Емельянов Тимофей мен Емельянов Сергей екінші орын, дзюдоист Севара Нышанбаева командалық есепте 2-орын,  Отгонцэцэг Галбадрах 3-орын алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау