Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі әйелдерге велобайк үшін биік өкшелі аяқ киімдерден бас тартуды ұсынды

Кеше Шымкент қаласында тұңғыш рет ShymkentBike велостанциясы ресми түрде іске қосылды. Алғашқы жылдық абонементті қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сатып алды. Алғаш болып қала әкімдігі қызметкерлері мен депутаттар велосипедке мініп айналып шықты.

нрнр

Сурет қала әкімдігі баспасөз қызметі

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Шаһар басшысы енді әр күн сайын жұмысқа велосипедпен барып-қайтатынын айтты. Ол таныстырулы рәсіміне костюм киіп келді.

“Мен тек бүгін вело станция ашылуына костюммен келдім. Ал әдетте велосипедке мінсем костюмді шешіп тастап, тек жейде мен галстук тағамын. Ал әйелдер кроссовка кигені дұрыс. Офиске келген соң каблук аяқ киімге ауыстыра салады. Мен негізі жаппай велосипедке отыруға кеңес беремін. Автобуста ыстықтап тұрғанша, тез әрі ыңғайлы жеткен жақсы. Бұл денсаулыққа да пайдалы әрі біраз нәрсені үнемдейді”, – дейді қала басшысы.

photo_189634

Қалада тротуарлар қайта жөнделуде. Велосипедшілердің қауіпсіз жүруі үшін 12 шақырым жол жасалады. Қазіргі таңда төрт станция іске қосылды. Тағы 20 велостанцияда құрылғыларды орнатып, іске қосылуға жақын. Жалпы, қала бойынша 40 станция жасалып, 200 велосипед пайдалануға беріледі.

“Қалада тәулік бойы техникалық қызмет жүргізіледі. Мамандар әрдайым велосипедтерді тексеріп отырады”, – деді AstanaBike өкілі Алмагүл Қасымова.

Шымкент әкімдігі велобайктардың қалада көбеюі көлік қозғалысын азайтады деп отыр. Сондай-ақ, қаладағы ең ірі жолдардың бірі де демалыс күндері велосипешілерге берілмек. Жақын күндері сағатына 40 шақырымнан аспау керектігі жайлы жол белгілері де орнатылады.

Талқылау