Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент: 10 балалы отбасы 5 бөлмелі пәтерге көшірілді

Шымкенттегі Дәрібаевтар отбасы жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда қала орталығындағы 5  бөлмелі пәтерге көшірілді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Азаттыққа хабарлады.

10-bala

Әкімдік өкілінің хабарлауынша, күнкөрісі төмен, 10  балалы Дәрібаевтардың жағдайымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жеке өзі танысқан. Әкімдік балаларға сыйлық жасау мақсатында жаңа 2016  жылға санаулы уақыт қалғанда отбасы уақытша тегін тұрып жатқан қала шетіндегі Ынтымақ шағынауданындағы бір бөлмелі пәтерден қала орталығындағы Отырар шағынауданындағы тұрғын үйлердің біріндегі 5 бөлмелі пәтерге көшірген.

– Әкімдік пен кәсіпкерлер бірлесіп Дәрібаевтар отбасын уақытша 5 бөлмелі пәтерге көшірді. Қазір балалар жылы үйде тұрып жатыр. Қазірше пәтердің жалақысы 6  айға алдын ала төленді. Отбасы жеке тұрғын үй алғанша осы жерде тұратын болады,- дейді әкімдік өкілі.

Ал Қарлығаш Дәрібаеваның Азаттыққа айтуынша, бүгін 1-қаңтар күні олар жаңа үйге жайғасып жатыр.

“Әкімдік өкілдері балаларымды мектепке орналастыруға, қалаған үйірмелеріне қатысуына, бастысы 10  баламның барлығын толық медициналық тексеруден өткізіп беруге уәде етті”, – дейді Қарлығаш Дәрібаева.

Бұған дейін осы отбасының екі бөлмелі суық үйде тұрып жатқанын хабарлаған едік.

 

Талқылау