Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенке барған Білім вице-министрі ауқымды реформаларды түсіндірді

Бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап жаңа бағдарлама бойынша білім алады. Жаңа реформаның жай-жапсарын бүгін оңтүстіктің ұстаздарына Білім вице-министрі түсіндірді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

orig_blog_20080_0

Сурет el.kz

Енгізілген өзгерістер алғашында қиын болғанымен оқушылардың ой-өрісін еселеп арттыруға тың серпін береді деген сенімде Тахир Балықбаев. Жоба бұған дейін ел бойынша 30 мектепте сынақтан өткізілген екен. Оның екеуі оңтүстікте.

1-ші қыркүйектен енгізілгелі отырған жаңа талапқа сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеуге мол мүмкіндік алады деп отыр вице-министр. Негізгі идеяларын Назарбаев мектептерінен саралап алған шенеуніктер қазір базалық оқулықтарды реттеп жатыр.

“Енді базалық оқулықтар болады. Ол оқулықты министрлік анықтайтын болады. Биылғы жылға арнайы комиссия жұмысын бітіріп жатыр. Жақын уақытта жариялайтын боламыз”, – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Талқылау