Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымбұлақтағы әжетхана депутатты шошытты (фото)

Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Шымбұлақ тау-шаңғы кешенінде өркениетке сай әжетхананың жоқтығына қынжылған.

77(9)

Фейсбук парақшасында жазба қалдырған Мәжілісменнің пікірі желі қолданушыларының арасында үлкен пікірталасқа ұласты.

Аталмыш демалыс орнының керемет табиғатын, демалысқа қолайлылығын суреттей келе депутат  демалыстарда мұнда келушілердің де өте көп болатынын  айтып өткен.

12(225)

” Осы жерде шетелдіктердің Шымбұлақ әжетханасын әжуалағанын көрдім. Олар қанша күлсе де еріксіз табиғи қажеттілігін өтеу үшін әжетханаға кіруге мәжбүр болды. Базаның осындай ең биік жеріне талапқа сай әжетхана орнатуға не кедергі? Мұндай қызмет көрсету арқылы біз шетелдік туристерді Шымбұлаққа қалай тартамыз”,- дейді Нұрлан Жазылбеков мырза.

33(146)

Мәжілісменнің жазбасына пікір білдірген министр Әсет Исекешов жауап берген.

“Шымбұлақтың әжетханасына орай айтар болсам техникалық қиындықтар бар. Дегенмен ұқыпты биоәжетханалар орнатуға болатын шығар”,- дейді министр.

Депутат пен министрдің бұл пікірлеріне орай әлеуметтік желіде пікір таластырғандар қатары көбейе түсті.

Талқылау