Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шымбұлақта” шетелдік 4 турист жоғалып кетті

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортының аумағында шетелдік төрт турист жоғалып кетті, деп хабарлайды ХАА ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап Stan.kz.

20 қаңтарында кешкі сағат 23:00 шамасында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының аумағында чехиялық 4 турист жоғалып кеткен.

Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының жедел тобы барып, туристерді іздеу жұмыстарына кинологтар жұмылдырылған.

Жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстары 4,5 сағатқа созылды.

Турситер 21 қаңтарда таңғы сағат 4.30 шамасында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Шымбұлақ» шатқалы аралығынан табылған.

Қазіргі уақытта туристер қауіпсіз жерде.

Оқи отырыңыз:

Ендігі оқу бітірген жастар жұмысқа кіру үшін сертификациядан өтуі мүмкін

Павлодарда 11 жастағы қыз өз кәсібін ашып, табыс тауып отыр

Елімізде банктегі қарызы кешірілген тұлғалар табыс салығынан босатылады

Талқылау