Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс күнтізбесі бойынша 2018 жылдың жұлдыз жорамалы

Шығыс күнтізбесі бойынша жұлдыз жорамалда 2018 жыл ит жылы болып саналады. Ит қорғансыз бен ренжіген адамға қамқор, ал екі жүзділер мен жалқауларға, алаяқтарға тиісінше жазасын береді деп есептейді мамандар.

Шығыс күнтізбесі бойынша тышқан жылы туғандарға 2018 жылдың болжамы

Тышқан жылы туғандар бұл жылды аздаған түсініспеушілікпен бастайды. Әсіресе әйелдер жағы осы жылды өте сезімталдықпен қарсы алады. Жазға қарай қиындықтан қажыған жандар мәселені шешу жолын табары анық. Тышқан жылы туғандар 2018 жылдың басында өте сақ болыңыздар. Әсіресе қаржы мәселесінде. Дұрысы біреуге көмектесемін деп қомақты қаржы бермегеніңіз абзал. Себебі оны қайтара алмай қаласыз.

Сондай-ақ, жұлдыздар сізге өзіңіз түсінбейтін кәсіпке көп ақша салмауға кеңес береді. Тышқан жылы туғандарға тек сабырлы болуға кеңес береміз. Күзге қарай бар шаруаңыз шешіліп, жаныңыз тынышталады. Тек оған дейін ашу мен эмоцияға, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Күзде жеке өміріңізде де жағымды жаңалықтар, тұрақтылық болады.

Өгіз (сиыр) 

2018 жылы басшылықта отырған сиыр жылы туғандарға қауіптілеу болады. Әсіресе мінезді, тез ашуланатындарға. Ит әділдікті орнатуды үнемі талап етіп отырады, әрі оған бағынбағандарды тиісінше жазалап отыруға да дайын.

Сондықтан сиыр жылы туғандар аздап қиындық көрері анық. Сиыр жылы туғандар біреуді алдауға тырыспаңыз, алаяқтық сізге тек зиянын әкеледі. Адал әрі әділ болуға тырыссаңыз мамыр айына қарай жұмысыңыз жақсарып, қалаған армандарыңыз орындала бастайды.


Оқи отырыңыз:

2018 жылға арналған жұлдыз жорамал


Жолбарыс

Жолбарыстар бұл жылы өткен-кеткенді таразылап, алдағы өміріне жоспар қойып, өзін тануға тырысады. Айналасындағылар Жолбарыстың сабырлы, ойлы, кез-келген дүниені ақыл таразысына салуды әдетке айналдырғанына таңдана қарауы мүмкін.

Бірақ бұл жағдай тек бірнеше айға ғана созылады. Кейіннен жолбарыстар ояна бастайды. Тез шешім қабылдап, іскер болып кетуі де ғажап емес. Жолбарыстардың көпшілігі өзін дәлелдеуге тырысады. Жақындары мен туғандарына кім екенін көрсетуге күш салады. Бірақ жыл соңына қарай шаршап қалуы мүмкін. Денсаулығын жақсартуға күш салғаны жөн.

Қоян

2018 жыл қоян жылында туғандарды қуантары анық. Қояндар көп жылдан бері аңсап жүрген демалысына қол жеткізеді. Қалауынша тынығып, өзіне көңіл бөледі. Қояннанкеңес сұрайтындар қатары арта түседі.

Отбасында екінші жартысымен келеңсіздік туындауы мүмкін. Дегенмен ол ұрыстар қарапайым, кешіруге болатын дүниелер үшін болуы ықтимал. Сондықтан шешуге болатын мәселелер. Қояндар 2018 жылы денсаулықтарына көңіл аударғаны жөн. Әсіресе нәзік жанды қояндар.

Жылан
Жылан жылы туғандар ит жылында сақ болғаны жөн. Ойламаған жерден қабылдаған шешіміңіз үлкен мәселе туындатуы мүмкін. Сондықтан бір шешім қабылдау үшін жан-жақты ойланғаныңыз жөн. Көктемде бастығыңызбен кикілжің туындауы мүмкін. Басшыңыз тапсырмаларды дереу орындауды талап ете бастайды. Осы кезде басшыңыз сіздің қажеттігіңізге күмән келтіре бастайды. Жұлдыздар бұл кезді жақсы өткізу үшін барынша тырысып, бар мүмкіндігіңізді салуға кеңес береді.

Ұлу

Жыландар үшін 2018 жылы эмоциямен қызықты оқиғаларға толы болмақ. Әрине қиындықтар да қатар жүреді. Кей адамдар қиындыққа түсіп қалуы әбден мүмкін, олардың мәселесін қарауда жыландар үлкен рөл ойнайды. Ақпан айында көлемді қаражат жұмсап, сауда жасауға асықпаңыз. Сәуір айына қарай сіздің қаржылай жағдайыңыз жақсарады. Жұмыста лауазымыңыз көтеріледі немесе жақсы жұмысыңыз үшін сыйақы аласыз.

Жылқы

Жылқы жылы туғандар үшін 2018 жыл қызыққа толы болмақ. Жұмыста және өмірде жаңа таныстар көбейіп, жарқын сәттер көп болады. Көктемге қарай табысы мол кәсіп бойынша жақсы ұсыныстар алуыңыз мүмкін.

Бұл сіздің болашағыңызды қалап, қаржылай жағдайыңызды көтеріп тастауы мүмкін. Әсіресе жылқылардың биыл кәсіпте,саудада жолы ашылады. Күзге жақын жаңа үйлі болып немесе өз үйіңізді үлкейтуіңіз ықтимал.

Қой 
Қой жылы туғандар үшін 2018 жыл ерекше болмақ. Жалғызбастылар көптен күткен махаббатын жолықтырады. Жылдар бойы қарым-қатынаста болып, бір шешімге келе алмай жүргендер отбасылы, ерлі-зайыпты атанады.

Күзге жақын жақсы ұсыныстар алуыңыз мүмкін. Ұсынысты қабылдамас бұрын жақсылап ойланғаныңыз жөн. Себебі үлкен еңбек пен қайтпас мінезді талап ететін жұмысты жарты жолда қалдыру екі тарапқа да тиімсіз болары анық..

Мешін

Маймыл жылы туғандар өздерінің асығыстығымен ел назарын өзіне аударып жүреді. Ит жылында маймылдарға баршаға ортақ тәртіпке бағынуға тура келеді.

Жұмыс бойынша іссапарға жиі шығуға тура келеді. Жүйкеңіз жұқарып, физикалық тұрғыдан аздап шаршауыңыз да мүмкін. Жыл ортасында қаржылай тұрақсыздық болуы мүмкін. Сол себепті де көлемді қарызға батуыңыз мүмкін. Жұмыс ауыстырып қалуыңыз да ғажап емес.

Тауық 

2018 жыл тауықтар үшін еңбектенуге тура келеді. Жыл басында айтарлықтай бар күш-жігеріңізді салып жұмыс істейсіз. Жобаны сәтті аяқтағаннан кейін тиісінше рақаттана демаласыз. Жұлдыздар сізге теңіз жағалауында тыныққан дұрыс екенін айтады.

Жыл басында өзіңізге зор пайдасын алып келетін адамдармен танысасыз. Отбасында ешқандай өзгерістер күтілмейді. Тек балаларыңыө өз еркімен кетуді сұрауы мүмкін. Ол кезде оларға бар мүмкіндікті бергеніңіз дұрыс.

Ит 

Ит жылы:1910, 1922, 1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018
Ит жылы туғандар үшін 2018 жыл үлкен табыс пен айтарлықтай өрлеу, көтерілу, шыңдалу сыйлағалы тұр. Олар өздерін бұрын соңды болмаған дәрежеде сенімді сезінеді. Нені қолға алса да бірден жоғары деңгейде атқаратын болады.

Жұмыста айтарлықтай лауазым иесі атанып, көтеріледі. Әсіресе жас мамандардың жолы болғалы тұр. Ит жылы туғандар тек үлкен кісілердің немесе әріптесінің жолын кесіп кетпегені абзал. Әйтпесе осы үшін есебайырысуға тура келеді. Ит жылы туғандар жеке өмірі жайлы ойлап, қала сыртынан үй салулары да мүмкін.

Доңыз (шошқа)

Доңыз  жылы туғандар 2018 жылы үлкен жоспарлар түзіп, соған жетудің жолын айқындауға кіріседі. Бір қателік сіздің жылдар бойы жиған абыройыңыз бен беделіңізді, қаржыңызды жоқ қылуы мүмкін. Жыл ортасында қомақты қаржыға ие боласыз.

Жұлдыздар оны жылжымайтын мүлікке салған дұрыс екенін айтып отыр. Бұл жылы жеке кәсібіңізді ашпасаңыз да болады. Жаңа таныстарыңызға қатты арқа сүйеп, толықтай сеніп кетуден сақ болыңыз. Әсіресе ер адамдар алаяқ әйелге сеніп қалып, түксіз қалып қоюыңыз әбден мүмкін.

 

Талқылау