Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанның бас дәрігері парамен ұсталды

Шығыс Қазақстанда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұтқындалды. Вадим Овсянников өңірдегі ауруханалардың бірінің бас дәрігерінен 70 мың теңге пара алған сәтінде ұсталған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

1369309156_health-management (1)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәлімдегендей, Овсянников қарамағындағылар мен жергілікті кәсіпкерлерден ақша жинауды жолға қойған екен. Қазір ол тергеу абақтысында отыр. Овсянников өңірдің денсаулық сақтау саласын 2012 жылдан бері басқарып келген. Оған дейін Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарыпты.

Талқылау