Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Археологиялық ашылу: Шығыс Қазақстаннан табылған «Алтын адамның» сүйегі

Өскеменнің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында профессор Зейнолла Самашев Тарбағатай тауының Елеке сазы жайлауынан  табылған «алдын адамды»  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке таныстырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шығыс Қазақстаннан «Алтын адам» табылды

Антропологтар мен археологтар, табылған алтын адамның 17-18 жас аралығындағы жас жігіт екенін және оның жоғары лауазымды тұлға болуы мүмкін екенін айтты.

Шығыс Қазақстаннан «Алтын адам» табылды

Алтын киімді жас жігіттің сүйек қалдықтары біздің дәуірімізге дейінгі 7-8 ғасырда өмір сүрген көне сақ дәуірінің адамына тиісілі. Жас жігіттің шалбары мен етігі алтын әшекелермен безендірілген, ал мойнына таққан бір келілік саф алтыннан жасалған алқасы оның қарапайым адамдардың қатарынан емес екендігін аңғартады. Сонымен қатар, жас жігіттің жанынан алтын қылыш мен алтын қорамсақ табылған.

Шығыс Қазақстаннан «Алтын адам» табылды

Зейнолла Самашевтің айтуынша, археологиялық табылған затты алғаш рет «монолитті жеткізілім» технологиясы арқылы жеткізген.

Тарих ғылымдарының докторы сондай-ақ, бас сүйектің өте жақсы сақталғанын да айтты. Ал, бұл адамның сыртқы келбетін қалпына келтіріп, оның немен тамақтанғанын және тағы басқаларын анықтап білуге мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстаннан «Алтын адам» табылды

«Біз Мәскеуден антропологтарды шақырдық. Ең бастысы, сүйектер орнында жатыр, бұл оның киімін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Содай-ақғ біз ол өмір сүрген қоғамды және ол заманның технологиясының қандай сатыда тұрғанын анықтап, олардың алтынды қалай өндіріліп, өңдегендерін зерттеп білеміз. Табылған алтын зергерлік әшекейлерлердегі кейбір өрнектерді бүгінгі заманауи техникалардың өзі сала алмайды»,-дейді Зейнолла Самашев.

Шығыс Қазақстаннан «Алтын адам» табылды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау