Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс қазақстандық ауыр науқас балаға Яна Рудковская мен кубалық миллионерлер көмектесті

Бір жастағы семейлік Богдан Фединнің басында қызық жағдай орын алды. Сәбидің ата-анасы мен еріктілер оның ауруын емдеу үшін қажетті қаражат іздеген. Ал оның еміне төленетін ақшаны Кубада өмір сүретін ауқатты адамдар мен ресейлік продюсер Яна Рудковская өз мойнына алыпты.

сссс

Сурет Фейсбук әлеуметтік желісінен алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Былтырғы жылы ұзақ уақыт емдеуден кейін сәбидің Вискотта-Олдрич синдромымен ауыратыны белгілі болған. Бұл баланың бойында иммунитет жоғалды деген сөз. Богданның өмірін құтқару үшін өте қымбат тұратын операция жасату керек болады. Жақындарының айтуынша, жұлын сүйегіне донор бола алатын адам халықаралық базада тіпті жоқ десе де болғандай екен. Ал баланың ем-домы тек италиялық клиникада ғана жасалады екен.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баланың емі үшін Үндістанға квота бөлген. Богданның ата-анасы ол жақта жасалатын операция баланың жағдайының жақсарта қоятынына аса сенбейді. Сондықтан олар Европаға жету үшін де көп қаражат іздеген.

Италияда балаға жасалатын операция құны 150 мың евродан асып кетеді екен. Қысқа мерзімде ондай ақшаны жинау тіпті де мүмкін емес еді.

“Біздің Инстаграмдағы парақшамызды жүргізетін белсенділер Ресей жұлдыздарына үнемі жазатын. Олар бірде продюсер Яна Рудковскаяға байланысқа шығады. Ол және екі әріптесі – белгілі блоггер Наталья Давыдова мен модель Наталья Якимчик бірлесіп Богданның емі үшін 42 мың доллар бөледі. Наталья Давыдованың көмекшісі бізден клиникадан берілетін чекті әкелуімізді сұрады. Бұл уақытта италиялық клиника бізді қабылдамай, біздер басқа клиникалардан жауап күтіп отырған болатынбыз. Жалғыз шақыру 170 мың долларлық құнымен тек Минск клиникасынан түсті. Жетпей тұрған 60 мыңдай долларды Наталья Давыдова тауып берді”, – дейді анасы Екатерина Соснина.

Олар жиналамын дегенше Богданның ата-анасына Германия клиникасынан ұсыныс келіп түседі.

“Онда бізден 255 100 евро сұрады. Бірақ, нәтижелері өте керемет еді. Онда Кляйн есімді белгілі профессор істейтін. Біз тағы да ақша іздеуге кірістік. Бұл жолы 90 мың евро жетіспеді. Бір күні белгісіз әрі ұзақ нөмірден қоңырау түсті. Соңында ғана өзін Марина деп таныстырған әйел, біздің емімізге көмектесетінін айтты. Мен сол арада тіпті не деп жауап айтарымды да білмей қалдым. Артынан бізге арнайы қордан хабарласып, Марина, Константин және Александр есімді азаматтардың көмектесетінін айтты. Тіпті олардың фамилиясын да білмеймін. Тек олардың Кубада тұратынын, ТМД елдерінің балаларына үнемі көмектесіп тұратынын білдім. Берген ақшадан 13 мың евро артылып қалды. Ол Богданның операциядан кейінгі сауықтыруына жұмсалмақ”, – дейді анасы.

Әзірге неміс мамандарының сәбиді нақты қалай емдейтіндері белгісіз. Бұл баланың Германиядағы жасалатын операциясының қорытындысына байланысты. Қазір Екатерина мен Богдан Германияға ұшуға дайындалып жатыр.

Талқылау