Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстандық әскердің денесі 71 жылдан соң Венадан табылды

Осы уақытқа дейін әскердің туыстары оны Батыс Украинада өлді деп тұжырымдап келген. Тек осы көктемде ғана оның денесінің Венадағы зиратта жерленгені мәлім болды.

b70838a2a270299596e105acd9c6d4e6

Слям Қалиев жоғарғы қатарда бірінші тұр

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Жерленген орын “Ардагерлер одағы” Республикалық қоғамдық бірлестік жұмысының арқасында табылды. Өткен жылдың желтоқсанында оларға Шәрбану Қалиева хабарласып, ағасының денесін табуға көмектесулерін сұрайды. 1921 жылы туған әскер Қазақ ССР, Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Поймон ауылының тумасы екен.

“Ағам Слям Қалиев соғыстың бірінші күндерінен бастап фронтқа кетті. Мен оны анаммен бірге шығарып салғанмын. Ол кезде анам қартайып қалған. Түн ортасында вокзалға келдік, онда барлық әскерлерді тиеп әкетіп жатты. Ол сол кеткеннен хабарсыз болды”, – дейді қарындасы Шәрбану Қалиева.

“Біз соғыс деректері жазылған obd-mеmorial.ru порталына хабарластық. 1941-1945 жылдар аралығында қайтыс болған жауынгерлер тізімін қарап отырып, Қалиевті таптық. Ол қызмет еткен соңғы орын Ц 58-18003-639-3 жеке нөмірімен 4 гвардиядағы А 342 жеке ротасында болған екен. Ол 1945 жылы 9 сәуірде қайтыс болып Австрия астанасындағы №10 зиратқа жерленген”, – дейді Мұрат Мұхамеджанов.

Енді ардагерлер одағы оның есімін “естеліктер кітабына” енгізіп, музейді батырдың жеке суреттері, материалдарымен толықтыруға ниетті.

Қазіргі таңда Фюрстенфельд зиратында Кеңес армиясының мыңнан астам әскерлері жерленген. Қазақстандық әскердің денесі “Батырларымызды ұмытпаймыз” акциясының аясында табылып отыр. Ардагерлер одағы осындай жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырғылары келіп отыр. Мұрат Мұхамеджановтың айтуынша осындай жұмыстар легі аймақтардағы 20 филиалмен бірлесе отырып атқарылмақ.

Талқылау