Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жемқорлықпен жұмыстан кеткен шенеунік өз орнына қайта оралды

Шығыс Қазақстан облысында Достық үйінің директоры болып қызмет етіп жүріп жемқорлық әрекетімен жұмыстан қуылған әйел, қайта өз орнына келді.

981449441

Сурет ria.ru

Ольга Ушакова екі жыл бұрын “Достық үйі” мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын атқарған. Алайда Шемонаихин аудандық прокуратурасының өкімімен “түскен табысқа қатысты заңсыздықтарға” орай қызметтен шеттетілген.

Ал жуырда прокуратура әйелдің 2015 жылдың 19 мамырында аталмыш мекемеге қайтадан басшылық қызметке тағайындалғанын хабарлады.

“Аталған факт бойынша тәртіптік іске тілдерді даму, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Әлия Селтеева да қосылды. Ол Достық үйінің директорын бұрынғы жылы орнына қайта жайғастырған. Қазір жетекшіге Ольга Ушаковамен еңбек келісімін жою тапсырылды”, – делінген ШҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің хабарламасында.

Әдеп жөніндегі кеңес те аталған іс бойынша қызметкерлердің әрекеті мемлекеттік қызметке деген сенімсіздікті туғызады деді.

Талқылау