Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған

Шығыс Қазақстан облыстық соты үш полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Олар күдікті адамды азаптағаны үшін сотталған.

7527a16d5fb31d4fb79898177184b18f

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, сот криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері полиция учаскесінің қызметтік бөлмесінде күдіктіні азаптағанын анықтаған. Полицейлер ер адамды ауыр дене жарақаттарын салғанын мойындатпақ болған.

Істі тергеуді процессуалдық прокурордың қатысуымен мамандандырылған прокуратура жүргізді.

Процесс барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп тануын сұраған.

Сот шешімімен Болатбеков пен Бакенбаев 3 жыл 6 айға сотталды, жазасын қылмыстық- атқарушылық жүйенің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Бұдан бөлек, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Купанов 3 жылға бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасы күдіктіні азаптағаны үшін сотталған Риддер АІІБ-нің үш қызметкеріне қатысты бірінші сот сатысының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Тағы да оқыңыз:

Бурабайда суға батып кеткен екінші қыздың денесі табылды

«Иегова куәгерлері» әжейге өлген соң марқұм ұлыңмен кездесесің деп үйін өз аттарына жаздырған

Қазақстандықтар бүгін түнде айдың тұтылғанын тамашалай алады

Талқылау